ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінде жарылыс жасалып, мұз ұсақталды.
Алтай ауданында мұз жарылды. Аталған жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен мамандандырылған ұйым қызметкерлері жүргізді. Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 74 см болған.
«Мұз кептелуі жағалауларды су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермес мақсатында жару жұмыстары жүргізіліп, мұз ұсақталады. Зубовск кентінің ауданындағы өзенде су тасқыны қаупі бар учаске пысықталды. Ұсақталған мұздың жалпы ауданы – 16 000 шаршы метр», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.