Бұл туралы облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.
«Жыл басынан бері өңірдегі 103 кәсіпорында мыңнан астам жұмысшыға 800 млн теңгеден астам жалақы берешегі анықталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 101 кәсіпорында еңбекақы бойынша берешек толықтай өтелді. Жұмысшыларға барлығы 530 млн теңге жалақы төленген. Қазіргі уақытта қарыздың қалдығы 280 млн теңгеден асады», - деді Бақытбек Қизатов.
Оның айтуынша, қалған қарыз облыстағы екі кәсіпорынға тиесілі. Оның 383 жұмысшысына жалақы бойынша берешек әлі төленбей келеді.