Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлайды Кazinform.
Оқиғаның қалай болғанын KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов Кazinform агенттігінің тілшісіне айтып берді.
«Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл — қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі», — деп түсіндірді ол.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.