Өртті сөндіруге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ТЖД күштері мен құралдары, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің десантшылары, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жаяу топтармен жүргізілді. Сонымен қатар әуеден су төгу жұмыстары жүзеге асырылды. ТЖМ авиациясы 13 мәрте су ағызуды жүзеге асырып, жалпы көлемі 39 тонна су төкті.
- Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтарын оқшаулауға және жалынның ауқымды аумаққа таралуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ШҚО-да орманды шарпыған өртті ауыздықтауға 2 тікұшақ тартылғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ ШҚО орманындағы өрт ошағына тікұшақпен 39 тонна су төгілді.