Оқиға туралы құтқарушыларға куәгерлер хабар берген. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 1 мамыр күні Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде болған.
- 2001 жылы туған жігіт сапборд үстінде жүрген кезде белгісіз себеппен суға батып кеткен. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер мен жүзу құралдары тартылған. Құтқарушыларға су тереңдігі мен түбінің күрделі бедері қиындық келтіріп отыр.
Мамандардың айтуынша, күн жылынғалы бері судағы төтенше жағдайлар саны артып келеді, әсіресе шомылуға арналмаған орындарда қауіп жоғары. Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Еске салсақ, осыған дейін Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кеткені хабарланған.