ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың 454 өтініші қаралды. Соның ішінде 430 өтініш еңбекақыға қатысты болды.
«Еңбек қатынастары саласында 108 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 401 заңбұзушылық анықталды. Нақты айтқанда, еңбек қатынасына қатысты – 191, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 210. Бұған жол берген жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта осы анықталған заң бұзушылықтардың 365-і жойылған. Қалғаны әлі орындалып жатыр», - деді басқарма басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров.
Өңірдегі 3 компанияның 498 жұмысшы алдында 308 млн теңге берешегі болған. Басқарма мамандарының араласуынан кейін 100 млн теңгеден астам мөлшерде жалақы төленді.
«Бүгінде «КЭМОНТ» АҚ-ның 136 млн теңге, «Шығыс Строй Групп» ЖШС-ның 12 млн теңге, «ВостокШахтоСтрой» АҚ-ның 51 млн теңге берешегі әлі өтелмеді, - деді Қ.Әбілқайыров.