ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шектеу ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда ауа температурасының төмендеуі мен тұманға байланысты енгізіліп отыр.
— Бүгін сағат 20.00-ден бастап 19 қазан сағат 07-00-ге дейін облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 63-145 шақырымында (Тарғын ауылы мен Самар ауылының арасы) дөңгелегі қыстыққа ауыстырылмаған көлік құралдарына, тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілді, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір тұрғындарына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін қысқы дөңгелек тақпаған жүргізушілерге қанша айыппұл салынатындығы хабарланған.