ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты тексеру жүргізілуде.
«Машинист тежеу магистралындағы қысымның төмендеуіне байланысты пойызды тоқтатқан. Осылайша, 13-тен 24-ке дейінгі вагондар рельстен шығып кетті. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
Сол жерге вагондарды көтеретін арнайы пойыз жіберілген.
«Аталған учаскемен жолаушылар пойызы ертең жүреді. Оған дейін тиісті жұмыстар аяқталады. Яғни, вагондардың рельстен шығып кетуі жолаушы пойыздарының қозғалысына әсер етпейді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кеткені хабарланған.