ШҚО-дағы Алакөлде үш адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алакөлдегі іздестіру жұмыстары нәтижелі аяқталды. Жағалаудан алыс ағызып әкеткен катамаранда болған үш ер адам құтқарылды.

29, 32 және 37 жастағылар түнгі уақытта катамаранға отырған, деп хабарлады облыстық ТЖД.  

Кеше өңірдің су қоймаларында екі адам суға кетті. Бұқтырма су қоймасындағы «Алтайская бухта» демалыс орнында 33 жастағы ер адам құтқарушылар бақыламайтын су айдынында шомылып, суға батып кетті. Оның мәйітін құтқарушылар тапты .

Сол күні таңертең Үржар ауданының құтқару қызметіне Елтай ауылы Мақаншы өзенінде 11 жасар баланың батып кеткені туралы хабар түсті. 4 сынып оқушысы тереңдігі 1 метр жерде жүзіп жүрген.  Оның мәйітін жергілікті тұрғындар тапты.

Бір тәулік бұрын Малеевка кентіндегі Бұқтырма және  Пролетарка ауылындағы Ертіс өзендерінен суға кеткен 26 және 36 жастағы екі жігіттің мүрдесі табылды. Олар шомылған су қоймасының тереңдігі  2-2,5 метр, деп хабарлады ТЖД.