ШҚО-дағы автомобиль құрастыру зауытында жаңа модельдер шығарылды

None
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемендегі зауыттың модельдер қатарын KIA Motors маркалы автомобильдердің жаңа үш түрі толықтырды.

«KIA Mоtors» бүгінде Оңтүстік Кореядағы ірі автомобиль өндіруші, еуропалық нарықтарда және АҚШ-та алдыңғы орындарға ие болып отыр. KIA - ресей нарығында да танымал брендтердің бірі болып келеді. Өткен дағдарысты жылдың қорытындысы бойынша «KIA Motors»-ты әлемдік сату көрсеткіші 20 пайызға өсті», - деп атап өтті «БИПЭК АВТО» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин.

Қазақстандық өндірушінің жаңа маркалары - жолсызбен жүретін KIA Mohave және KIA Sorento, сондай-ақ KIA Cerato машиналары болмақ.

Жаңа модельдердің таныстырылымына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. «Автомобиль құрастыру зауытын кеңейтудің бүкіл ел экономикасы үшін маңызы зор. Сондықтан да жергілікті билік «АЗИЯ АВТО» зауытын қолдауға өз тарапынан қолдан келгеннің бәрін істейді», - деді ол.