ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда боранға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейбір аудандарда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты бүгін екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды.
«Күршім ауданындағы Ақбұлақ, Ақсуат, Ақши, Қарашілік, Қаратоғай, Марқакөл ауылдарында және Глубокое ауданындағы Предгорный, Перевальный ауылдарындағы мектеп оқушылары онлайн форматта білім алады», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда боранға байланысты екі жол жабылғандығын хабарлаған едік.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.