ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
«Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар кезеңде жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мұз кептелуінің алдын алу мақсатында Катонқарағайдағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды», - делінген ақпаратта.
Сенное, Коробиха, Барлық ауылдарындағы 3 учаскеде 1756 келі жарылғыш зат пайдаланылған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.