ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқынының алдын алу үшін мұзды ұсақтау шаралары жүргізіліп жатыр.
- Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Бұртырма өзенінде мұз жарылды. Жалпы көлемі 1238 келі жарылғыш зат пайдаланылды.Осы учаскедегі қауіпсіздікті құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қамтамасыз етті, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, өңір бойынша өзендердегі қар қоры орташа көпжылдық деңгейде. Облыстағы 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Жалпы Шығыс Қазақстанда 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы шеңберінде 162 млн теңгеге 11 шара жүзеге асырылған.