ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі тасжол учаскесіне қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) және облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.