Аймақтың медициналық мекемелері эпидемиологиялық нашар жағдайға дайын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстың инфекциялық стационарларында төрт мыңға жуық төсек-орын бар. Қазір инфекциялық төсек қорының 14 пайызы ғана қажет. Өскеменде инфекциялық стационарларда 257 адам, Семейде – 226 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында – 78 адам жатыр. Өңірде 345 реанимациялық төсек-орын бар. Әзірге оның 15 пайызы ғана қолданысқа қажет. Өскеменде – 23 адам, Семейде – 21 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында-9 адам реанимацияда жатыр.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылған барлық пациенттің 42-сі ауыр дәрежеде, 11-і аса ауыр дәрежеде. Тоғыз адам жасынды дем беру аппаратына, 35 адам инвазивті емес жеңіл желдетуге қосылған.