Бұл туралы жұмыс сапарымен Катонқарағай ауданында болып, Өрел ауылында халықпен кездескен облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.
«Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жақсы. Біз өз тарапымыздан тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін көптеген жобаға қолдау білдіруге дайынбыз. Ауданда туристік бағытқа басымдық берілгені белгілі. Осы ретте бірнеше кәсіпкер медициналық, ауылдық және археологиялық туризмді дамытуға гранттар алды. Өз ауданын дамытуға күш пен қаражат салатындарға қолдау көрсетуді алдағы уақытта да жалғастырамыз», - деді аймақ басшысы.
«Катонқарағай ауылында спорт кешені құрылысының барысымен таныстым. Жобаны мерзімінде аяқтау үшін қосымша күш тарту қажет. Үлкен Нарын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне келетін болсақ, оның жанында бассейн салынып жатыр. Бұл – өте дұрыс шешім. Жалпы, нысандардың сапасына баса назар аудару керек», - деді Даниал Ахметов.