ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен орнының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KAZ Minerals Тобы компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қыркүйек күні сағат 22:00-дер шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының жұмысшысы биіктен құлаған. Алған жарақаттардың салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
«Оқиға орнындағы жұмыстар бірден тоқтатылды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылған. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады», - делінген мәліметте.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.