Бұл жайлы бүгін облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов айтты.
«Қор сарапшылары МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін үнемі қадағалап отырады. Соңғы бір жылда мамандар облыстағы медициналық ұйымдарда жалпы құны 1,2 млрд теңгеден астам 102 113 бұзушылықты анықтады. Олар амбулаториялық-емханалық көмекке, консультациялық-диагностикалық қызметке, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге және стационарлық ем-домға қатысты болып отыр», - деді ол.
Белгілі болғандай, бұзушылықтар көбінесе емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттарынан ауытқу, медициналық құжаттарды сапасыз жүргізуге байланысты.