«Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Өртке оранған аумақ 310 гектарға жетті. Салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылыс бүлінген. Жұмылдырылған жұмыс күші мен техника өртті ауыздықтауға жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылады», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
21:21, 10 Мамыр 2021
ШҚО-дағы өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Риддер қаласының маңындағы өртке байланысты облыстық департамент жанынан шұғыл телефон желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.