Қайғылы оқиға 9 қазан күні сағат 20:00 шамасында Артемьев шахтасында тіркелген. Мерт болған ер адам шахтасының электрслесарь болып жұмыс істеген.
«Артемьев шахтасының электрслесарі электр тоғынан зардап шегіп қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады», - делінген хабарламада.
Аталған оқыс оқиаға қатысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.