ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 75 адам тіркелді. Оның ішіндегі 64 науқаста симптом бар болса, 11 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.
«Бір күнде 32 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 317 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 15,7 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1508 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.