ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен-Северное бағытындағы жолдың 30-43 шақырымына қарғын су жайылып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ОблШығысЖол» мекемесінің хабарлауынша, Өскемен-Таулы Үлбі-Северное бағытындағы жолда жол жөндеуші техникадан басқа көліктердің барлығы үшін қозғалыс шектелді. Жолдың жабылуына қарғын судың жайылуы себепші болып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш бағыттағы жолдың бірнеше бөлігінде көшкіннің алдын алу үшін жасанды жарылыстар жүргізілген болатын.
Фото: taminfo.ru
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.