Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Фицуильям музейіне қойылған «Ұлы Дала алтыны» атты көрмеміздің тарих сүйер қауымның ғана емес, қарапайым адамдардың да ерекше қызығушылығы мен таңданысын тудырды. Елеке Сазы, Шілікті қорғандарынан және патшалар аңғарынан табылған бірегей артефактілерден тұратын экспозиция әлемге сақ өркениеті мен мәдениеті тарихының жаңа беттерін ашады. Көрмедегі жәдігерлер ата-бабаларымыздың тау-кен өнеркәсібі мен металлургия, ауыл шаруашылығы салаларын терең меңгергендігін, сондай-ақ зергерлік өнерде де шебер болғандығын көрсетеді, - деді ол.
Облыс әкімінің айтуынша, садақшының қабірінен табылған алтын заттар - бұл зергерлік жұмысқа деген асқан мұқияттылық пен қымбат металдарды қалай ұстау керектігін түсінудің қарапайым үлгілері.
«Ұлы Дала алтыны» көрмесі – екі мемлекет арасындағы мультимәдени алмасудың тек бір бөлігі екендігіне сенімдімін. Алдағы уақытта да бірлескен жобалардың сәтті шығуына тілектеспін», - деді Даниал Ахметов.