ШҚО-дағы жалпы аймақтық өнім болжамдарға қарамастан төмендемеді

None
ӨСКЕМЕН. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы өнім былтырғы жылдың қорытындыларымен салыстырғанда төмендемеді,

керісінше алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда оның өсу қарқыны 102,8 пайызды құраған, деп хабарлады бүгін аймақтағы статистика департаменті.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республиканың ЖІӨ-дегі Шықыс Қазақстанның үлесі 5,7 пайызды құраған.

Облыстағы аймақтық жалпы өнімнің 29,4 пайызы өндіріске, 10,1 пайызы аграрлы секторға келген, аймақтық жалпы өнімдегі құрылыс өнеркәсібінің үлесі 4,3 пайызды құраған.