Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің отырысында Даниал Ахметов мәлімдеді. Биылғы жылы медицина мекемелерін заманауи құрылғылармен жабдықтауға облыс бюджетінен алты миллиард теңге бөлінген. Өңір басшысы ауруханалар мен емханаларға арналған жоғары технологиялы жабдық сатып алу конкурсының кестесін дайындап, жуық арада ұсынуды тапсырды.
«Біз қоғам белсенділері мен денсаулық сақтау саласына қатысты өткір тақырыптарға жазып жүрген журналистерді шақырамыз, - деді Даниал Ахметов. - Осы салада мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық қадағалау жасайтын пулды өзім жасақтаймын».
Ол үшін Д. Ахметов Өскемен мен Семей әкімдеріне жол салу жұмыстарының кестесін ұсынуды тапсырды. Жол құрылысын да қоғам белсенділері қадағалайтын болады.