«Ол қыстауға тек жол талғамайтын техникамен ғана жетуге болатын еді. «КУНГ» автокөлігімен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД 25-ӨСБ қызметкерлері «103» қызметінің екі дәрігерін жеткізді. Олар қыстақтағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін құтқарушылар дәрігерлермен бірге науқасты жақын маңдағы аудандық ауруханаға алып барды», деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.