Бұл туралы ШҚО прокуратурасының алқа отырысындаайтылды. Прокуратура өкілдері Есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып,4 тонна көкнәр тәркілеп, көзін жойған.
«Одан бөлек, 15 дәріханаға құрамында есірткі бардәрі-дәрмекті рецептісіз сатқаны үшін 3,5 млн теңге айыппұл тағайындалды.Бүгінде соның 9-ы әкімшілік жауапқа тартылған, олардың лицензиясын тоқтатутуралы мәселе қаралуда», - делінген ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметітаратқан ақпаратта.