ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 желтоқсанда қатты жел соғуына байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.
«Тарбағатай ауданында 1-4 сыныптар мектепке бармайды. Сондай-ақ Көкпекті ауданындағы Шайжүнісов, Құйбышев, Әуезов, Пушкин атындағы білім ордаларында 1-4 сыныптар қашықтан білім алады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бүгін таңертең қатты жел мен боранға байланысты Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында оқушылар онлайн оқыған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.