Бұл шара «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында қолға алынып отыр.
«Волонтерлер коронавирустың алдын алу шаралары бойынша әзірленген облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы шығарылымдарын Өскемен қаласының ірі сауда орындарындағы, дүкендер мен базарлардағы халыққа таратты. Сонымен қатар еріктілер тұрғын үйлерді аралап, көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияны қалалар мен аудандардағы волонтерлік штабтары да ұйымдастырып, жалғасын табуда», - дейді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Алдағы уақытта өңір волонтерлері зейнеткерлерге, мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп бермек.