ШҚО-дағы шахта жұмысшыларының қазасы: полиция қылмыстық іс қозғады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО полиция департаменті шахтада төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жазатайым оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған.  Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, медициналық мекемеге жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды («тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»)», - делінген ПД хабарламасында.

ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр. 

«Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.