ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» атты музей ашылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы «Халифа Алтай» мешітінде «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» атты музей ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнда сонаусақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ халқының мәдениетінен сыршертетін бірегей құнды жәдігерлер қойылған. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысыәкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен аз уақыттың ішінде ашылды.

МұражайдаКүлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі,қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауикесенелерінің шағын макеттері орнатылды. Бұдан бөлек мұнда келушілер қасиеттіҚұран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердіңэлектронды нұсқаларын да тамашалай алады. Сондай-ақ мұнда ұлттық көнежәдігерлер мен

ежелгі дінибұйымдарда қойылған. Тіпті мұражайда түркі дәуірінің тарихынан сыр шертетін«Оғызнама» секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі деҰлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітініңкітапханаларынан алынып қойылды.

– Бұл игі іс«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Мешіт текдіни құлшылық ететін орны ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүрді, тарихымыздынасихаттайтын рухани орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі заман талабы да осы. Ертесақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына дейінгітарихты тізбектейтін осынау бірегей мұражайда құнды жәдігерлер мен олардың түпнұсқасынаналынған көшірмелері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта мұнда Шығыс Қазақстанныңбірегей байлығы саналатын Елеке сазынан табылған Алтын адамға, Қоңыр әулиеге,Ырғызбай әулиеге, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және Мұзтауғаарналған жеке стендтер ашылса мұражай тіптен әрлене түсер еді. Бұдан бөлеккіреберіс залдың бір қабырғасына түгелдей дерлік Қазақстанның даму тарихынсуреттейтін панорамалық сурет салу керек, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Алдағыуақытта аталмыш музейдің тыныс-тіршілігінен хабар беретін сайт іске қосылып,онда музейге 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.

Соңғы жаңалықтар