Өңірлік Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 717 мың адам тұрады.
– Жыл басынан бері облыс халқының саны 2 016 адамға кеміді. 1 маусымдағы есеп бойынша өңірде 717 мың тұрғын тіркелген, – деді ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов.
Облыс тұрғындарының басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 485,9 мың адамды немесе өңір тұрғындарының шамамен үштен екісін құрайды. Ауылдық жерлерде 231,1 мың адам тұрады.
Статистикаға сәйкес, өңірде бұрынғыдай әйелдер саны ерлерден көп. Әйелдер – 373,1 мың адам немесе халықтың 52 пайызы, ал ерлер – 343,9 мың адам немесе 48 пайызы.
Алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша ауыл халқының үлесі аздап қысқарған, ал қала тұрғындарының саны іс жүзінде өзгеріссіз қалған.
Бұған дейін Қазақстан халқы төрт айда 63 мың адамға артқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ былтыр Қазақстандағы халық саны 195 480 адамға өскенін жаздық.