ШҚО кеденшілері құны 5 млн. теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар контрабандасының фактісін ашты

СЕМЕЙ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/  - Шығыс Қазақстан облысы кеденшілері құны 5 млн. теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар контрабандасының фактісін ашты.

 «Жезкент» бекетінде тауарлары жете заңдастырылмаған «Volvo» жүк автомобилі ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің деректері бойынша, оқиға қарсаңында кедендік бақылау департаменті кезекшілік қызметінің сенім телефонына белгісіз  қоңырау соғылған және белгісіз біреу «Жезкент» бекеті арқылы халық тұтынатын тауарлар - Ресей Федерациясынан Алматы қаласына қарай ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия тиелген жүк көлігінің өтетінін, тауарлардың жете заңдастырылмағанын хабарлайды.

ШҚО кедендік бақылау департаменті кедендік кірістер басқармасының есептемелері бойынша, ұсталған тауарлардың құны 5 372 308 теңгені құраған. Сонымен қатар, 1 019 547,8 теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.