Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған жүктер тиелген үш автокөлік құралы кедендік бекет арқылы өтіп бара жатқан кезінде «Янтарь-1А» радиоактивті материалдарды бөлуді анықтайтын стационарлық жүйе іске қосылып, рұқсат етілген радиациялық деңгейдің артқанын тіркеген.
Тиісті нұсқаулыққа сәйкес осы тауар тиелген автокөлік Қытай Халық Республикасына - жүкті жіберушіге қайтарылды.
19:56, 06 Қаңтар 2010
ШҚО кеденшілері радиациялық деңгейі жоғары, Қытайдан әкелінген фарфор ыдыстарды ұстады
СЕМЕЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері радиациялық деңгейі аса қауіпті жүкті Қазақстанның аумағына әкелудің алдын алды. «Бақты» кеден бекетінде 43 тоннадан асатын фарфор ыдыстар ұсталды.