ШҚО ІІД табиғат қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменовтың айтуынша, «жойылып бара жатқан құстың бұл түрі тек Қазақстан аумағын мекендейді және Қызыл кітапқа кіргізілген. Өздерінің осы әрекеттері арқылы аңшылар мемлекетке 970 мың теңге залал әкелді», - дейді.
Аңшының екеуі де - Ақтоғай ауылының тұрғындары. Аңшылыққа УАЗ автокөлігін мініп шыққан. Қылмыстық іс қозғалды.