ШҚО құтқарушылары өрт шыққан үйден 29 адамды эвакуациялады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО құтқарушылары өрттен 29 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аягөз қаласында 4 пәтерлі барак үйдегі өртті көршілері байқап, шұғыл түрде «101» нөміріне хабарласқан.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері бүкіл пәтерлерді аралап, тұрғындардан жанып жатқан үйден кетуді сұрады. Құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Бос пәтерде 4 шаршы метр аумақта жапсарлас құрылыс дәлізінің ағаш қабырғасы өртенген.

Өрт себебі бойынша алдын ала нұсқа – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отты абайсыз пайдалану.

Глубокое ауданында Юбилейная көшесі бойынша 5-қабатта орналасқан көпқабатты үйдің жатын бөлмесінде жалпы ауданы 15 шаршы метр терезе, есік блоктарының, жиһаздың ағаш конструкциялары, жеке заттар жанған.

Құтқарушылар қауіпті аймақтан 21 адамды, оның ішінде 3 баланы жедел эвакуациялады.

Өскеменде Чернова көшесі бойында қабырғалардың ағаш конструкциялары, кіру тобының жабындары, жеке үйдің шатыры, сондай-ақ жеке үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары жанған.

Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану.