Дәл қазір Абай облысы аумағында ауа температурасы 31 градус аязды көрсетіп тұр.
Осыған байланысты 30 қараша күні бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елдімекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.
Еске сала кетейік, кеше еліміздің 5 өңірінде оқушылар қолайсыз ауа райына байланысты мектепке бармаған еді.