ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты Ресеймен шекарадағы жол жабылған болатын.
«Бүгін таңғы сағат 07.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 105-123 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасының аралығы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.