Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Онда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.
ВАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Оның аясында Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күн мерзімде «қызыл аймақтан» шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылды.