ШҚО-ның 4 қаласындағы мектептер мен колледждерде күннің күрт суытуына байланысты сабақтар өткізілмейді

None
ӨСКЕМЕН. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскемен, Зырян, Семей және Риддер қалаларындағы мектептер мен колледждерде төменгі температуралар салдарынан сабақтар өткізілмейді.

Аймақ бойынша ауаның температурасы 35 градустан төмен болып тұр және алдағы тәулікте температуралық режим өзгермейді.