ШҚО-ның 51 жастағы тұрғыны тұрақты жалақысы бар жұмыс тапты - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы

None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік келісім-шарт аяқталысымен, тұрақты жұмысқа орналасып, тұрақты жалақысын алуда.

1961 жылы дүниеге келген семейлік Людмила Аносова 2010 жылға дейін «Хлебокомбинат Восток» ЖШС-де есепші болып жұмыс істеген.

2010 жылдан бастап жұмыссыз қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы біліп, «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына» барды. Әйел онда әлеуметтік жұмыс орындары туралы кеңес алып, әлеуметтік жұмыс орнына өтінім берген «Шығыс-Семей» ҚҰ-на жіберілді. Л.Аносова оның жетекшісімен болған әңгімелесуден кейін осында есепші ретінде жұмысқа алынды.

Әлеуметтік келісім-шарт аяқталған соң әйел мұнда тұрақты жұмыс орнына тұрды. Қазіргі уақытта ол табысты жұмыс істеп, 45 мың теңге жалақы алып отыр.