ШҚО-ның Абай ауданы Наурыз мейрамына даярлануда

None
СЕМЕЙ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Наурыз мейрамына дайындық басталып кетті.
Мерекелік іс-шараның жоспары әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан әкімінің орынбасары Ержан Сүлейменнің ақпараты бойынша таяу күндерде және мереке күндерінде барлық жерлерде көптеген әлеуметтік-маңызды мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді. Барлық мектептерде «Қош келдің Наурыз!» деген тақырыпта ашық сабақтар, кездесулер және концерттер басталып та кетті.Халықтық тойлау наурыздың 22-сінде аудан орталығы Қарауыл ауылының Орталық алаңында кеңінен аталып өтеді. Ол театрландырылған көріністен басталмақ. Бұл күні Наурыз мейрамы барлық ауылдық округтарда тойланады. Мерекелік іс-шараның бағдарламасында халық әндері, сурет салу, қолданбалы өнер көрмелері, «дөңгелек үстелдер», танымдық сағаттар, тақырыптық кештер, бұқаралық және спорттық жарыстар қамтылған.