ШҚО-ның Ақсуат ауылында балалар театры ашылды

ТАРБАҒАТАЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында балалар театры жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тамшы»балалар театры жас актер, режиссер Бейбіт Құсанбаевтың бастамасымен ашылды. Бұл- ауылда құрылған алғашқы театр.

Балалар театрын ашу идеясы осыдан 7-8 ай бұрын пайдаболған. Бас кезде шығармашылық үйірме ретінде жұмыс істей бастаған. Ауыл жасөспірімдері өнерге көптеп тартыла бастаған соң, үйірменікеңейту туралы шешім қабылданды.

Қазір театрда60-қа жуық дарынды бала өнеркөрсетеді. Олар көптеген байқауларға қатысып, жеңіспен де оралып жатыр. Оданбөлек, қайырымдылық концерттерін жиі ұйымдастырып тұрады.