Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде сондай-ақ, тұманды, жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе, Қызылорда, күндіз Алматы облыстарында жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады. Ақтөбе облысында оған жаяу бұрқасын қосылады.
Маңғыстау облысының кей аумақтарында көктайғақ болжануда.
Шығыс Қазақстан облысының басым аумағындағы, сондай-ақ Алматы мен Маңғыстау облыстарының кей өңірлеріндегі сарышұнақ аяздар бүгін де сақталады.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейінің кенеттен көтерілуінен су басу жағдайлары болуы ықтимал.