ШҚО-ның цинк зауытында пештен күкірттің атқылауынан екі жұмысшыны күйік шалды

None
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС-ның цинк зауытының күйдіру цехында пешке цинк концентратын салу кезінде жанып жатқан технологиялық материал - күкірттің атқылауы болды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Салдарынан «Қазцинк-Ромсервис» ЖШС-ның 47 және 25 жастағы екі жұмысшысы күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Бұдан басқа, Қызылорда қаласында сол күні кешқұрым бөлек тұрған бір қабатты сарайда сыйымдылығы 50 литрлік газ баллоны жарылып, оның арты отқа ұласты. Өрт 45 минуттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 36 шаршы метрді құрады.

Жарылыс салдарынан 30 жастағы қазақстандық және Өзбекстанның төрт азаматы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.