ШҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
15:48, 06 Сәуір 2012
ӨСКЕМЕН. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде денсаулық сақтау қызметкерлерінің активінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Вадим Овсянников таныстырылды.
В. Овсянниковтың екі жоғары білімі бар - Алматы медициналық институты (емдеуші дәрігер) және М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (қаржы бакалавры). 1959 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген, орыс, қазақ және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Медицина ғылымының кандидаты, осы қызметке келмес бұрын Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі болды.
Еңбек жолын жедел-жәрдем қызметінде санитар жұмысынан бастады. Жамбыл қалалық жедел медициналық көмек көрсету қызметінің бас дәрігері, хирург-дәрігері, проктолог, Жамбыл облыстық әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды, деп хабарланды облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.