ШҚО-ның Глубокое ауданында жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: t.me/qr_tjm

Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.

«Тыйым салынған белгілер - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін қажет ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

ШҚО ТЖД судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауды, сіздің өміріңіз осыған байланысты екенін еске салады. Демалушылар мына жайттарға жол бермеуі қажет:

- шомылу үшін рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау;

- ешбір жағдайда мас күйде суға түспеу;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады;

- тәуекелге бармаңыз және өз күштеріңізді асыра бағалап, алысқа жүзбеңіз.

Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.