Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер еденде жатқан 35 жастағы үйдің иесін (әйел) тапты. Оның денесінің 20 пайызын күйік шалған. Жатын бөлмеде иіс тиіп улану белгісімен екі адамның мәйіті табылды. Олар - күйік шалған әйелдің бес жасар қызы мен күйеуі.
Әйел орташа ауырлықтағы жағдаймен Бородолулиха аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жеткізілді.
Өрттің шығу себептері бойынша екі болжам жасалуда: от жағудағы абайсыздық немесе электр жабдықты пайдалануда ережені бұзу болуы мүмкін.