Мұндай аймақтарға Зайсан, Қатон-Қарағай, Үржар, Тарбағатай аудандары және Риддер қаласы жатады.
Жаттығуларда әкімдіктермен және полицейлермен бірге хабарландыру, алдын ала көшірілетін жағдайда өзара хабардар ету, сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу және адамдарды уақытша пункттерде орналастыру мәселелері пысықталды.
Тұтастай алғанда жаттығулар ойдағыдай өтті, деп атап өтеді ТЖ департаменті.