ШҚО-ның шалғай орналасқан екі ауылында 300 орынға жаңа балабақшалар ашылды

None
ӨСКЕМЕН. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Солоновка және Үлкен Нарым ауылдарында екі жаңа балабақша ашылды.

50 орындық «Еркетай» және 250 орынға лайықталған «Балбөбек» балабақшасы бүлдіршіндерге есіктерін айқара ашты. Ауылдық бақшалардың ашылуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті.

«Ауыл балабақшаға зәру болды, қазірдің өзінде оған келем деушілердің легі толып отыр. Онымен бірге балабақшада 21 адам жұмыспен қамтылды», - деді Б. Сапарбаев.